Басты бетЖаңалықтарЕралы Тоғжанов:...

Ералы Тоғжанов: QazVac вакцинасын 43 мемлекет алуға дайын

Қазақстандық ғалымдардың күмәнсіз табысы Биологиялық қауіпсіздік мәселелерді жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасын әзірлеуі болды. Біз бүгінде одан ары ілгерілеп келеміз. Қазіргі уақытта BSL-3, BSL-4 құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұл ретте Білім және ғылым министрлігінің рөлі де зор, — деді Ералы Тоғжанов Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында.

Вице-премьердің айтуынша, мұнан ары да бірлескен жұмыстар жалғасатын болады.

Елдің атын шығарған үлкен жоба болғанын бәріңіз жақсы білесіздер деп ойлаймын. 6 мемлекеттің ішінен бесінші болып Қазақстан өзінің вакцинасын шығарған елге айналды. Сондықтан бұл үлкен жетістік. Ғалымдардың бәріне рақметімізді айтамыз. Ары қарай да жұмыс көп. Бірге жалғастыруымыз керек. Олардың алдына қойылған тапсырма да бөлек. Қазір 43 мемлекет біздің вакцинамызды алуға дайын екендігін білдіріп отыр, — деді Ералы Тоғжанов.