Бауыржан Байбек Nur Otan съезінің күн тәртібін жариялады

Nur Otan саяси кеңесінің қаулысымен (жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің күн тәртібі бекітілді: 1. Партия төрағасын сайлау туралы; 2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы; 3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы, — деп жазды Бауыржан Байбек Twitter-де.

Бұған дейін партияның кезектен тыс съезі онлайн форматта 28 қаңтарда өтетіні хабарланған болатын.