Серікбай Тұрымов Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, комитет төрағасы депутаттардың арасынан, сенаторлардың ұсынысы бойынша сайланады. Осы орайда бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы лауазымға Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов ұсынылды.

Ол осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап Сенат депутаты болды.

Ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданып, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазына Серікбай Тұрымов бекітілді.