«ҚазМұнайГаз» басшысының орынбасары қызметінен кетті

Еңбек шартының аяқталуына байланысты Жақып Марабаев «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетті.

Еңбек шартының аяқталуына байланысты Жақып Марабаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметінен кетеді. ҚМГ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев Жақып Нәсібқалиұлына атқарған жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді. ОПЕК+ міндеттемелері бойынша шектеулерге және коронавирустық індеттің әсеріне қарамастан, ҚМГ компаниялар тобының тау-кен өндіруші кәсіпорындарында мұнай кәсіпшілігі қызметтерінің көлемі сақталды және өндірістің ағымдағы деңгейі сақталды, — делінген хабарламада.