Ведомство мәліметінше, 2022 жылғы 3 қаңтарда әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Сарыағаш ауданындағы белгілі журналистің үйіне шабуыл жасалып, оның ұлы жарақат алғаны туралы ақпарат тараған.
Сарыағаш ауданында жасалған қылмыс туралы ақпарат алған соң, қылмыс орнына жедел жұмыс жөніндегі орынбасарым Құрманбек Сақов бастаған криминалдық полицияның кәсіби жедел қызметкерлері мен тергеушілер тобын жібердім. Олар келген бойда белгісіз біреулер журналистің үйіне автокөлікпен келіп, терезеден оқ атып, қашып кеткенін анықтады. Салдарынан үй иесінің баласы жараланды, — деді Түркістан облысы полиция департаменті бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Сол күні полиция қызметкерлері бұл деректі аудандық полиция бөлімінде тіркеп, ҚР ҚК 24-99-бабы «Адам өлтіруге оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қайрат Дәлбеков бірден бірқатар нұсқа қарастырылғанын, соның ішінде қылмыс журналистің кәсіби қызметіне байланысты жасалғанын айтты.
Кейін дәл осы нұсқа расталды. Нақты істі ашуда қиындық қылмыс айқын болмауынан туындады, — деді Қайрат Дәлбеков.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкенттің екі тұрғыны полиция назарына іліккені хабарланды.
Олар оқ атып, оқиға орнынан қашып кетті. Жедел уәкілдер оларды тұрғылықты жері бойынша ұстады. Содан кейін олар делдалдар мен қылмысқа тапсырыс берушілер белгілі болды. Бүгінде осы қылмысқа қатысы бар 5 күдікті ұсталды. Заттай айғақ ретінде олардан ВАЗ маркалы 2 автокөлік тәркіленді. Қылмыскерлер оны қылмыстық жолмен келген ақшаға сатып алған. Сонымен бірге 16 калибрлі оқ-дәрі тәркіленді. Қазір Сарыағаш ауданы тұрғындарының бірі, яғни шенеунік осы іске тапсырыс бергені анықталды. Ол журналистің өмірін 5 000 000 теңгеге бағалаған. Ол өзінің бұрынғы қызметкеріне, ал ол өз кезегінде делдалға барып, содан кейін делдал осы қылмысты жүзеге асыратын екі орындаушы тапқан, — деді аймақтың полиция департаментінің бастығы.
Қазір тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Осы қылмыс бойынша тергеу жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеу барысында қылмыстың себептері мен барлық мән-жайы анықталады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оларды қамауға алуға санкция берді.