Қазақстан және Өзбекстан президенттері тұрақтылық пен қауіпсіздік туралы сөйлесті

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Президенттер келіссөздер процесін екі ел үкіметтерінің басшылығы деңгейінде жандандыруға уағдаласты, — делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-транзиттік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады. Өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да