2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға, яғни 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін көбейтілген. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінеді, — делінген хабарламада.
2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы да 15 мыңға артады.
Сонымен бірге білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделгенін айтты.
Бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алған қазақстандық мектеп түлектерінің саны артты. Мысалы, былтыр бізге 75 мыңнан астам өтініш түсті. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грант алды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сонымен бірге отбасыларында ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлер грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндікке ие болады, – деді вице-министр.