Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Мұрат Бектановты қорғаныс министрі лауазымынан босатып, бұл қызметке Руслан Жақсылықовты тағайындау туралы жарлықтарға қол қойғанын хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің кадрлық әскери қызметкер екенін, арнайы білімді Алматы жоғары жалпыәскери командалық училищесінде оқығанын, кейін М.В. Фрунзе атындағы академияда және Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының Әскери академиясында білімін жалғастырғанын атап өтті.

Оның тәжірибесі мол. Ішкі әскерде 30 жылдан астам қызмет етті. Ол қатардағы жауынгерден бастап, әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысына дейінгі әскери жолдан өтті, – деді президент.