Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік: тағы екі адам қайтыс болды

Ажар Ғинияттың айтуына қарағанда, медицина мекемелерінде 177 науқас қайтыс болған.

Екеуі жансақтау бөлімінде болды, бірақ олардың жағдайы кейінгі үш күнде нашарлап, қайтыс болды, — деді министр Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингінде.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздік кезінде 225 адам қаза болғаны хабарланған еді.

Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Әсел Артақшынова 15 қаңтарда өткен брифингіде 225 өлімнің 175-і ауруханада болғанын айтты.