Менің мекенжайыма келіп жатқан көптеген сұрауға және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға жауап бере отырып, 2019 жылы президент өкілетін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді және сол уақыттан бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында зейнеткерлік демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын, — деді ол.
Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев билікке толығымен ие екенін айтты.
Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Жақын арада президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элитада жанжал немесе қарама-қайшылық жоқ. Бұл тақырыптағы қауесеттер мүлдем негізсіз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы қаңтар оқиғасынан кейін алғаш рет халық алдына шығып отыр.
Ал бүгін, 18 қаңтарда Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «мемлекет басшылығынан кеткен Нұрсұлтан Назарбаевты жата жамандау — елдігімізге, азаматтығымызға сын» екенін айтты.