Қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасы 5 жыл өтемақы алады

Ерлан Тұрғымбаевтың мәліметінше, террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тапқан, 2 911-і жарақат алған.

Ерлікпен қаза тапқандар II және III дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілді.

Заң бойынша қызметтік міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкерлердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді, — деді Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында.