Альварес Головкиннен қашып жүр — Әмір Хан

«Маған «Канело» ұнайтын еді. Менімен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Егер P4P рейтингінде ең мықтылар қатарында болғысы келсе, біздің істегенімізді істеу керек — үздіктермен қолғап түйістіруі қажет. Белбеу сенде болса, саған кім қарсы тұратынына қарамастан, жұдырықтасу қажет. Мен міндетімді орындаған едім. Ал ол болса салмағын түсірген немесе көтерген адаммен ғана жекпе-жек өткізеді.
«Канелоның» қазіргі істеп жүргені халықты алдау. Оған өз салмағында 160 фунтта жекпе-жектер өткізген дұрыс. Оған Головкиннен қашып керек емес, Альварес оны жеңе алады. Ол болса жерлесімен жұдырықтасамын деп Головкиннен қашып жүр», — дейді Әмір Хан Behind the Gloves басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, «Канело» мен Чавес арасындағы жекпе-жек 6 мамырға белгіленген. Альварестің промоутері осы жекпе-жектен кейін қыркүйекте «Канело» Головкинмен жұдырықтасады деп уәде еткен. Ал қазақстандық боксшы наурызда Нью-Йорк қаласында америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы тұрады.

ДереккөзVesti.kz