Елжан Біртановтың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа түсті

Қылмыстық іс сотқа түсті. Бүгінгі таңда іс сот өндірісіне қабылданған жоқ. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларына сәйкес, судья келіп түскен іс бойынша 5 тәулік ішінде жалпы немесе қысқартылған тәртіппен басты сот талқылауын тағайындау не істі алдын ала тыңдауды өткізу туралы шешім қабылдайды. Ол туралы қосымша хабарлаймыз, — деп жазылған ресми мәліметте.

  • Еске салайық, Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімін 14 қаңтарға дейін ұзартқан болатын.
  • Оның алдында Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты қылмыстық істі тергеу мерзімі созылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарған.