Алматыда антитеррористік операция кезінде 2 601 адам ұсталды

Заңсыз шерулер, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 601 адам ұсталды. Барлығы 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді, — деді ведомство өкілдері.

Өткен тәулікте «102» пультіне 329 хабарлама келіп түскен.

Комендатураның колл-орталығына жедел ден қоюды талап еткен азаматтардан 48 дабыл түсті. Барлық хабарлама пысықталды, — деді полиция өкілдері.