Қазақстанның үш өңірінде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр

Құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарап, олардың заңды талаптарына бағынуды сұраймыз, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап еліміздің келесі өңірлерінде террористік қауіптіліктің орташа («сары») деңгейі белгіленді: Солтүстік Қазақстан облысында және Қарағанды облысының Балқаш қаласында 14 тәулік мерзімге, Павлодар облысында 10 тәулікке, Ақмола облысында ерекше өкімге дейін.

2022 жылғы 14 қаңтардан бастап Батыс Қазақстан облысында террористік қауіптіліктің орташа «сары» деңгейі 14 тәулікке енгізілді.

Террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» деңгейі 2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Нұр-Сұлтанда және 14 қаңтардан бастап Шымкентте 14 тәулік мерзімге енгізілді.

Аса жоғары «қызыл» деңгей Жамбыл, Алматы облыстарында және Алматыда сақталып отыр. Аталған өңірлерде терроризмге қарсы операция жалғасып жатыр.