ҰҚК Қостанай және Қызылорда облысы департаментінің басшылары тағайындалды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қостанай облысы бойынша департаментін Айбар Дуанбаев басқарады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр бойынша департаментінің басшысы болып Болат Қалмырзаев тағайындалды.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы және Жамбыл облысы бойынша департаменті басшылары ауысқаны хабарланған еді.

Еске салайық, кеше, 13 қаңтарда Марат Ирменов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталғаны хабарланған еді.

Ал 2022 жылғы 8 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің ұсталды. Оған мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды.

Мұның алдында Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылған еді. Комитеттің жаңа басшысы Ермек Сағымбаев болды.