Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы тағайындалды

Президент жарлығымен Ермек Сағымбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды.

Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатылсын, — делінген құжатта.