Алматыда тәртіпсіздікке қатысқан 2 мыңнан аса адам ұсталды

Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 159 қатысушысы ұсталды. 67 бірлік атыс қаруы мен 3 112 оқ-дәрі тәркіленді.

Өткен тәуілікте «102» пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді,- дейді Алматы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Салтанат Әзірбек тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да