Ведомствоның хабарлауынша, адам шығыны болған оқиғаларды тергеп-тексерулерге ерекше назар аударылған. Ел бойынша қаза тапқандардың жалпы саны анықталып жатыр.
Әрбір факт мұқият тергеп-тексеріледі.
Төтенше жағдай режимі кезеңінде жасалған құқық бұзушылықтарға 6 966 әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы хаттамалар толтырылды, әртүрлі әкімшілік жауапқа 4 918 адам тартылды, оның ішінде 1 978 адам қамаққа алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2 149-на ескерту жасалды. Сот қарауында 2 048 материал бар.
Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 – терроризм актілері бойынша, 34 – жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеріп жатыр.
Қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторларына қамалды. Соттың санкциясымен 412 адам қамауға алынды.