«Алматы-2 – Нұр-Сұлтан-1» бағытындағы №205/206 пойызы Алматы-2 станциясынан 13 қаңтар күні кешкі сағат 22:05 минутта жолға шығып, Нұр-Сұлтанға 14 қаңтар күні 19:06 минутта келеді.
№205/206 пойызы сол күні сағат 21:52 минутта астанадан Алматыға қайта шығады. «Алматы-2» станциясына 15 қаңтар кешкі сағат 18:25минутта келеді.
Билеттер туралы ақпаратты BILET.RAILWAYS.KZ сайтынан немесе «Билеты КТЖ» мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.
- Еске салайық, жолаушылар пойызы қалпына келтірілді. Барлық жолаушылар пойыздары кесте бойынша жүреді.