Байқауда Димаш ресейлік әртіс Витастың «Опера 2» атты шығармасын орындады. Димаш Құдайбергенов Қытай елінде өтіп жатқан музыкалық жобаның алғашқы турында жеңіске жетіп, мерейімізді үстем етті. Көпшілік оны «Екінші Витас» деп атады. Алайда Димаштың өзі мұндай лақап атты қабыл алмайтындығын жеткізді.
Бұл жолы байқау барысында әншіге досы ғана емес, әкесі де қолдау көрсетті. Әкесі Қытайға баласына тосын сый жасау үшін ұшып барған екен. Ол бағдарлама ұйымдастырушыларынан өзінің келгенін ұлына айтпауды соңына дейін өтінді. Артынша Димаш әнді айтып бола салысымен, алдынан шығып қолдау білдірді.
Бірінші кезеңде Димаш Құдайбергенов француз тіліндегі «SOS d’un terrien en détresse» әнін орындап, көрермендер қошеметіне бөленген болатын. Қытайлық музыка мамандары оны «Тәңір назарына алған әнші» деп атады, ал фанаттары қазақша үйрене бастады.

14 Пікір