Президент жаңа премьер-министрге тапсырма берді

Бүгін біз жаңа премьер-министрді тағайындадық. Бірқатар нақты міндеттер қойдық. Премьер-министрге үш апта ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Оны ақпан айының басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында қарастырамыз, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Президент жаңа премьер-министрдің жұмысына табыс тіледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр қызметіне Әлихан Смайыловтың кандидатурасын ұсынған еді.

Әлихан Смайыловтың кандидатурасын Мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады.

Осыдан кейін Әлихан Смайыловты президенттің премьер-министр қызметіне тағайындау туралы тиісті жарлығы шықты.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да