Құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

Полицейлердің құқығын қорғау деңгейін көтеру керек және билік өкілдеріне жасалған шабуыл үшін сонымен бірге заңға бағынбайтындар үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Әскердің даярлығына да күш салған жөн. Ол үшін тез арада арнайы операция үшін әскери күш құрылымын жасақтау қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Мемлекет басшысы қарулы күштер, құқық қорғау органдары, ұлттық қауіпсіздік қызметі, сыртқы барлау қызметі жұмысын жүйелеп, оларға жағдай жасау үшін жалақысын арттыруды тапсырды.

Ішкі істер министрлігі мен ұлттық ұланның арнайы жасақтарының санын көбейту, жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, қажетті арнайы көліктермен жабдықтау, барлық құқық қорғау органының арнайы жасақтары қызметкерлерінің жалақысын көтеру керек, — деді президент Мәжіліс отырысында.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да