Президент: ЛРТ — сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба

Көпшілікті, әсіресе, елорда тұрғындарын ашуландыратын тағы бір мәселе ЛРТ құрылысы болып отыр. Ол кәдімгі инфрақұрылымдық жобадан елдің абырой-беделіне нұқсан келтіретін күрделі проблемаға айналды. Қазірдің өзінде орасан зор қаражат жұмсалды, қарыздар тартылды, шетелдік әріптестер алдында ауқымды келісімшарттық міндеттемелер қабылданды. Бұл жоба әуеліде-ақ үлкен қателік болды, оны мойындау керек. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың иісі мүңкіп тұрған жоба, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Мемлекет басшысы енді дұрыс шешім қабылдау қажет екенін айтты.

Себебі оны жай ғана бұза салу уақыт пен ақшаны жоғалтуды білдіреді. Демек, отандық және шетелдік сәулетшілер мен урбанистерді шақырып, жобаны іске асырудың нұсқаларын анықтаудан басқа жол жоқ. Осы жобаны қолданысқа енгізетін мүмкіндіктерді қарастыратын отандық және шетелдік архитекторларды шақыру қажет, — деді президент.