Тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан қарапайым азаматтардың отбасына көмек беріледі

Қаза болған тәртіп сақшыларының, әскери қызметшілер мен қарапайым азаматтардың отбасына көмек беру — біздің қасиетті борышымыз. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда болады. Тұрғын үймен, оқумен және басқа да қажетті нәрсемен қамтамасыз етеміз, — деді президент Мәжіліс отырысында.

Айта кетейік, мемлекет басшысының қатысуымен онлайн режимде Мәжіліс отырысы өтті. Жиын кезінде президент жаңадан тағайындалған үкімет басшысына бірнеше тапсырма берді.