Министрлердің, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жарияланды

Бюджет кірісі туралы сөз болғанда кейбір шығынды айтпай кетпеуге де болмайды. Үкімет мүшелерінің, депутаттардың, әкімдердің жалақысын атап өткім келеді. Былтыр жыл соңында қоғамда осы сұрақ көп талқыланды. Менің ойымша, бұл категориядағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жеткілікті. Сондықтан үкімет мүшелерінің, өңір әкімдерінің және депутаттарының жалақысын көтеруге 5 жылдық мораторий жариялауға болады деп есептеймін. Бұл Мәжіліс депутаттары үшін жақсы жаңалық емес екенін білемін, бірақ  түсіністікпен қабылдайсыздар деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік және бюджет үшін жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз, — деді президент.