Комитеттің хабарлауынша, терроризмге қарсы күрес жөніндегі республика және өңірлік жедел штабтар қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.
Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысандар босатылды. Аса маңызды стратегия нысандары мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын, қылмыстық әрекеттің іздерін айқындау және жинақтау жүзеге асырылып жатқанын айтады.
Барлық тұрғынды құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек беруге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырамыз, — деді комитет өкілдері.
