Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне 12 шабуыл тіркелді

Жедел жәрдем қызметі тәртіпсіздіктерге байланысты шақырулардан басқа, барлық шұғыл өтініштерге уақытылы қызмет көрсетті.

Жедел медициналық жәрдем станциясының қызметкерлеріне 12 шабуыл жасалды, жедел медициналық жәрдем станциясының 5 қызметкері (2 жүргізуші және 3 фельдшер) жарақат алды. Тәртіпсіздік кезінде 32 жедел жәрдем автокөлігі (фаралар сынған, шанағы, әйнегі зақымданған және т.б.), жарамсыз күйдегі 4 автокөлік, мәйітті тасымалдау және митингке жеткізу мақсатында 3 көлік тәркіленіп, кейін көліктер қайта қайтарылды,- делінген хабарламада.