Шетелдік ғалымдардың зерттеуі нәтижетсінде, бір банкноттан 3 000 бактерия табылған. Олардың ішінде қауіпті ауруларға шалдықтыратын бактериялар да бар. Ғалымдардың айтуы бойынша олар асқазан жарасы, пневмония, ішек ауруларын туындатады. Сондай-ақ теріні тітіркендіріп, аллергияға шалдықтырады.
Ғалымдар банкноттың ластану деңгейін оның құнымен де байланыстырады. Құны (номиналы) төмен купюралар қолдан-қолға көп өтетіндіктен бактериясы да көп. Ал ірі сомалар қолдан-қолға сирек жүретіндіктен әлдеқайда «таза».
Дәрігерлер ақшаны ұстағаннан кейін қолды жуып, қаражатты әмиянда сақтауға кеңес береді. Себебі қалтада бактериялар жақсы көбейеді.