Никол Пашинян Қазақстандағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Бірнеше минут бұрын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлестім. Қазақстан президентінің ҰҚШҰ-ға қолдау көрсетуді күтіп отырған үндеуін ескере отырып, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде мен ұйымға қатысушы елдердің көшбасшыларымен дереу кеңесуді бастаймын, — деп жазды Никол Пашинян Facebook-те.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ мемлекеттерінен көмек сұрағанын хабарлаған едік.