Бірінші эфирден кейін әншінің Sina Weibo (Туиттердің баламасы) әлеуметтік микроблогына жазылушылардың саны бір сағатта 35 мыңнан 118 мыңға жеткен. Қазіргі уақытта жазылушылар саны 645 мыңнан асып кетті.
Әншінің Weibo-дағы қазақша үйреткен видеоны көріп, қазақша үйренуге тырысқан қытайлардың саны 2 миллион 560 мыңға жеткен. 18 секундтық видеода Димаш шетелдік жанкүйерлеріне «Мен сені сүйемін!» сөзін үйретеді.
Еске сала кетейік, қазақ әншісі 28 қаңтар күні екінші кезеңде бақ сынайды. Димаш Құдайберген бұл сынақта Витастың Опера2 әнін орындамақшы.