Журналистер депутат Бақытбек Смағұлдан елде 2011 жылы Жаңаөзенде болған оқиға қайталанбай ма деп сұрады.
Ол қайталануға тиісті емес. Жаңаөзен оқиғасы бізге үлкен сабақ болуға тиіс. Оның бір рет болғаны жеткілікті емес пе. Адам өмірінен маңызды не бар. Соған әкелмеу керек, арандатушыларға ермеу керек. Қарапайым халыққа заң жүзіндегі талабын жалғастыруға ешкім де шек қоя алмайды. Алайда соны пайдаланып, қоқан-лоққы көрсетуге болмайды, тіпті ол әскери адам болсын. Қарапайым халық өзге жат жердегі адамдарға сеніп, алаңды пайдаланып шыға салып, оған ермеуі керек, — деді мәжілісмен.
БАҚ өкілдері Бақытбек Смағұлдан халық мәжіліс кетсін деген талап қойса, кетуге дайынсыз ба деп сұрады.
Мен әрқашан да «құп болады» деймін. Мен оған байланып қалған адам емеспін. Осы жерде қоғамға кішкентай да болса пайдамыз тисін деген оймен жүрміз, — деді депутат.
Бақытбек Смағұл депутаттар әрқашан халықпен бірге екенін мәлімдеді.
- Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды.
- Маңғыстау облысы мен Алматыда төтенше жағдай жарияланды.
- Қазақстандағы наразылық акцияларында 200-ден астам адам ұсталды.
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының наразылығын тудырғаны үшін кімдердің кінәлі екенін айтты.
