«Жауапкершілігі мен еңбекқорлығын көрсетті». Тоқаев Маминге алғыс айтты

Асқар Ұзақбайұлы Мамин маған арыз жазып, отставка жөнінде өтінішін білдірді, мен бұл өтінішті қабылдадым. Асқар Ұзақбайұлы шамамен үш жылдай Үкіметімізді абыроймен басқарды, қызмет барысында, әсіресе, пандемия өршіп тұрған кезде өзінің жоғары жауапкершілігін, еңбекқорлығын көрсетті, сондықтан бұрынғы премьер-министрге алғысымды айтқым келеді, — деді президент.

Еске салайық, бүгін, 5 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметті отставкаға жіберді.

Премьер-министрдің міндетін уақытша атқару Әлихан Смайыловқа жүктелді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.