Қасым-Жомарт Тоқаев: Билік құламайды, бізге өзара сенім және диалог керек

Құрметті отандастар, қадірлі ағайын! Баршаңызға тағы айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпараттарға сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға ғана шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл — өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды, бірақ бізге өзара сенім және өзара диалог керек, — деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен бірге жастарға үндеу жасады.

Ал жастарға айтарым: жарқын болашақтарыңызға балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туған-туысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар. Жалпы барлық заң аясындағы өтініштер мен талаптар ескеріледі, тиісті шешімдер қабылданады. Ертең осы мәселелер бойынша арнайы жиналыс өтеді. Мен баршаңыздың парасаттылығыңызға сенемін, сіздердің амандықтарыңыз бен тұтас еліміздің қазіргі әлемдегі жағдайы осыған байланысты деді, — мемлекет басшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Берік Уәли (@berikuali)

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін Twitter-де Үкімет өз өкілетінің аясында елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен Маңғыстау облысында сұйытылған газ бағасының әр литрін 50 теңгеге дейін төмендету туралы шешім қабылдағанын жазып еді. 

Демонстранттарды еліміздің тұтастығы мен бірлігіне сызат түсіруді көздейтін деструктивті топтардың үндеуіне құлақ аспауға шақырамын. Басқа да әлеуметтік-экономикалық талаптар ертеңгі елордада өтетін кеңес барысында жеке қарастырылады, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да