Павлодар облысында мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланды

Шарбақты ауданы полиция бөліміне мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрланғаны туралы арыз түсті.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 187-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Криминалист тексеру барысында саусақ іздерін анықтады, — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Деректер автоматтандырылған іздеу жүйесіне енгізіліп, картотека бойынша сәйкестік табылды. Саусақ іздері 47 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі екені белгілі болды.

Жедел уәкілдер оңай жолмен пайда тапқысы келген күдіктіні ұстады. Тергеу жалғасып жатыр.