Ақтау мен Атырауда жаңажылдық отшашу болмайды

Ақтауда Ынтымақ алаңы мен қалаға шыршалар орнатылғанымен, жаңа жыл мерекесіне арналған мәдени мерекелер өткізу жоспары жоқ екенін «Лада» басылымы жазды.

Жаңажылдық отшашу да болмайды, өйткені оған қаражат бөлінбеген, — делінген хабарламада.

Басылым өткен жылы да коронавирус пандемиясына байланысты жаңажылдық отшашу мен мерекелік концерттер тоқтатылғанын еске салады.

Атырау әкімдігі Atpress.kz тілшісіне коронавирусты алдын-алу мақсатында 31 желтоқсанда қалада мерекелік отшашулар ату жоспарланбаған. Әкімдіктегілер қаланы жаңа жылдық безендіруге ақша бөлмейтіндерін айтты.

Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында Атырауды былтырғы жасанды шыршалармен безендіреді, — делінген хабарламада.