Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Тараптар Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының және Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен (биылғы 6 желтоқсан) өткен келіссөздерінің, сонымен қатар Ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 19-отырысының қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын қарады.

Сауда-экономикалық, инвестициялық, транзиттік-көлік, ауыл шаруашылығы, су-энергетика, өнеркәсіптік кооперация, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, туризм және басқа да салалардағы екіжақты өзара іс-қимылды дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Өзбекстанға Орталық Азиядағы барлық өңірлік сауданың 70%-ке жуығы тиесілі. 2021 жылдың 10 айында екіжақты сауда көлемі $3,26 миллиард құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 29,8%-ке жоғары.

Бұл көрсеткіш 2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда 10,6%-ке жоғары. Қазақстаннан Өзбекстанға экспорт көлемі 2020 жылдың 10 айымен салыстырғанда 31,6%-ке ұлғайып, $2,37 миллиард құрады. Өзара сауда көлемін қысқа мерзімді кезеңде $5 миллиард дейін және орта мерзімді перспективада $10 миллиардқа дейін жеткізу міндеті қойылды.

2112301029498600g Қазақстан мен Өзбекстан үкіметі екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Қазақстанның Өзбекстанмен өзара іс-қимылының жоғары деңгейіне транзиттік көлік саласында қол жеткізілді – теміржол инфрақұрылымын – «Түркістан – Шымкент – Ташкент» жоғары жылдамдықты жолаушылар магистралін және «Дарбаза – Мақтаарал – Жизақ» теміржол желісін дамыту, автомобиль өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі бірлескен ірі жобаларды іске асыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүк тасымалдау үшін қолайлы тарифтік саясат қалыптастырылды.

Биылғы жылдың 11 айында ҚР мен ӨР арасындағы теміржол тасымалының көлемі 22,7 миллион тоннаны құрады.

Жыл қорытындысы бойынша біз айтар-элықтай нәтижелерге және маңызды уағдаластықтарға қол жеткіздік. Мемлекеттеріміздің басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік дамудың жоғары серпінін көрсетіп отыр, — деді Асқар Мамин.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да