Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады

Алматы әкімдігінің мәліметінше, автобус Абай даңғылымен Өтеген батыр көшесінен Алатау даңғылына дейін, төмен қарай Ташкент жолына дейін жүреді.

«Молл Апорт» сауда-ойын-сауық орталығындағы аялдамадан кейін автобус кері бағытта Ташкент жолы бойынша бұрылады, онда «Алтын Орда базары» аялдамасынан кейін бұрылады, «Барлық» базарына кіреді, одан ары Алатау даңғылына бұрылып, кері бағытта жүреді,- делінген хабарламада.

Ведомствода жолаушылардың көптігін ескере отырып, автобус санын одан әрі арттыратыны, 7 автобус іске қосылатыны айтылды.