«Қазгидромет» мәліметі бойынша, Қара теңіз аудандарынан келген антициклон Қазақстанның басым бөлігіне әсер етеді. Осыған байланысты еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында 35 градусқа дейін аяз, жауын-шашынсыз ауа райы болады.
30 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында қар жауады, түнде солтүстік-шығыста қар жауып, боран болады. 31 желтоқсанда еліміздің батысында, 1 қаңтарда оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жауады, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар тұман түсіп, секундына 15-20 метрге дейін жел болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысындағы жел екпіні секундына 23-28 метрге дейін жетеді. Алматы облысының Алакөл ауданындағы жел екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.