Шымкент тұрғыны мемлекетке 1 миллиард теңге шығын келтірген

Агенттік салық төлеуден жалтару мақсатында кәсіпкерлерге жалған шот-фактуралар жазып берген азамат А.Махатаевтың заңсыз әрекетін анықтады.

Тергеу мәліметтері бойынша, А.Махатаев 2017-2020 жылдар аралығында өзінің туыстары мен таныстарының атына «Мейір құрылыс», «Тыныштық 2018», «Элит Капитель», «МАГМА-2018», «Ашимов и Ко», «A L A T A U K», «S-Industry», «БЕС ҚАСҚА», «ЖОРҒА 2019», «ИНТЕРТРАНССЕРВИС-2020», «Eхcellent», «УГАМ 2018», «005», «Эверест К» ЖШС14 кәсіпорынды тіркеген.

Аталған кәсіпорындар контрагенттерге төлемдерді төлеуден жалтаруға жәрдемдесу үшін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатынсыз құрылған.

Бұл фирмалардың кеңселері, қызметкерлер штаты, өндірістік-техникалық базасы және қоймалық үй-жайлары болмаған. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 1 миллиард теңгеден астам залал келтірілді.

А.Махатаев 4 жылға бас бостандығынан және 10 жылға кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Келтірілген залал сомасы мемлекет кірісіне айналдырылды.