Алматы-Қорғас тасжолында 17 көлік апатқа ұшырады

Алматы облыстық полиция департаменті 25 желтоқсанда сағат 10-00 шамасында «Алматы-Қорғас» автожолының 134-шақырымында жолды қалың тұман басуына байланысты жолда 17 автокөліктің соқтығысқанын хабарлады. Жол апаты кезінде 5 адам зардап шегіп, олар Шелек ауылының аумақтық ауруханасына жеткізілді,- делінген Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, оқиға орнында патрульдік полицейлер қызмет атқаруда. Аталған автожолдың 84 шақырымынан бастап, 136 шақырымына дейін жабылды.

Құрметті жүргізушілер, қозғалыс кезінде өте мұқият болуларыңызды және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!. Жылдамдық тәртібін бұзбау және арақашықтықты сақтап, жол ережесін естен шығармау қажеттілігін еске саламыз!,- деп толықтырды ведомствоның баспасөз қызметі.