Әлішер Кәрімов пен Әmre «Голос» шоуының финалына өтті

Дима Биланның командасында өнер көрсеткен Ернар Садырбаев Ильхом Тагировпен бәсекеге түсті. Ол «Подбери музыку» (мәтін авторы — Андрей Вознесенский, композиторы — Раймонд Паульс) композициясын орындады.

Керемет вокал мүмкіндіктеріңіз бар. Таңданудан шаршамаймын. Сіз ең қиын, ең жоғары ноталарды еркін орындайсыз. Барлығы анық. Керемет, дауысыңызға сөз жоқ, — деді Леонид Агутин Ернар Садырбаевтың орындауы туралы.

Тәлімгер Дима Билан 60% дауысын Ернар Садырбаевқа, 40% Ильхам Тагировқа берді. Көрермендер дауыс бергеннен кейін Әmre 128,5% жинап, финалға шықты. Ильхам Тагировтың нәтижесі 71,5% болды.

Әлішер Кәрімов «Я тебя никогда не забуду» (мәтін авторы — Андрей Вознесенский, композиторы — Алексей Рыбников) әнін орындады.

Әлішер, менің ойымша тәлімгеріңіз (Александр Градский) осы жерде болғанда, сізді мақтан тұтар еді. Жүрекпен орындадыңыз, — деді Пелагея Телегина Әлішер Кәрімов жайлы.

Финалист тек көрермендердің дауысымен таңдалды. Нәтижесінде Әлішер Кәрімов 52%, Татьяна Качурина 48% дауыс жинады. Осылайша, қазақстандық әнші финалға өтті.

Ресейдің «Голос» шоуының финалына Әлішер Кәрімов, Ернар Садырбаев, Александр Волкодав және Элина Пан шықты. Жеңімпаз 30 желтоқсанда анықталады.