Басты бетҚоғамҚырғызстан Қазақстанға...

Қырғызстан Қазақстанға миллион доллардың көкөнісін жеткізеді

Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл келісім министр Бақыт Сұлтановтың Қырғызстанға жұмыс сапары кезінде жасалды. Азық-түлік саласындағы келісімшарт ведомство басшылары мен қазақстандық бизнесмендердің көрші елге іссапарының нәтижесі болды.

Осылайша, Қазақстаннан Қырғызстанға жылдам дайындалатын кеспе жеткізу бойынша экспорттық мәміле жасалды.

Сонымен бірге Қазақстан мен Қырғызстан компаниялары қазақстандық нарыққа жалпы құны 1 миллион доллар болатын ерте піскен көкөніс жеткізу бойынша мәмілеге келді.

Министр кабинетінің төрағасы – ҚР президенті әкімшілігінің жетекшісімен кездесу барысында «Қарасу» өткізу пункті базасында шекара маңы индустриялық сауда-логистикалық кешенін құру жөніндегі іс-шаралар барысы талқыланды. Индустриялық сауда-логистикалық кешенінің базасында жеңіл өнеркәсіп (оның ішінде тоқыма), ағаш өңдеу, құрылыс материалдары және тағы басқа бірлескен кәсіпорын құрылатыны айтылды.

Тараптар ішкі тауар өткізу желісін қалыптастыру процесін және Қырғызстанда көтерме сауда-тарату орталықтарын құру жөніндегі жобаны және оларды Еуразиялық тауар өткізу жүйесіне одан әрі интеграциялауды талқылады (Қырғыз Республикасының аумағында көтерме сауда-тарату орталықтарын құру және оның жұмысы туралы бірлескен іс-шаралар жоспарына біраз бұрын қол қойылған).

Біздің бағалауымыз бойынша сақтау және логистика жүйесін құру Қырғызстаннан жеміс пен көкөніс экспортын 90 миллион доллардан 175 миллион долларға дейін 2 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл жеміс пен көкөніс өнімдерінің шығынын 40-тан 10%-ке азайтуға ықпал етеді, — деді Бақыт Сұлтанов.