Қазақстанда цифрлық теңгені енгізуге арналған заң дайындалып жатыр

2022 жылы 1 шілдеден бастап бұл жұмыс қайтадан қолға алынады.

Біз осы жұмыспен айналысып жатырмыз. Парламент депутаттары цифрлық активтерге қатысты заң жобасын әзірлеуге кірісті. Сол себепті цифрлық валютаны құқықтық реттеу бойынша құзіретті мемлекеттік органдармен жұмыс істеп, қолдау жасауға әзірміз, — деді Павел Казанцев.

Оның айтуынша, Қазақстанда цифрлық теңгені енгізудің нәтижесінде барлық операция мен транзакцияны бақылап, ақшаның қайда жұмсалып жатқанын көруге болады. Осылайша жемқорлықты жоюға мүмкіндік бар.

Ал ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов өткен жылы цифрлық теңгені енгізу бойынша пилоттық жоба қолға алынғанын еске салды. Оның қорытындысы банктің ресми сайтында жарияланды.

Сол жерде цифрлық теңгенің енгізудің техологиялық жолдары мен кейбір сценарийлер көрсетілген. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін біз тиісті модельді ұсынамыз. Соның негізінде бір шешімге келіп, жобаны іске асырудың тиімді жоспарын әзірлеуге мүмкіндік болады, — деді Берік Шолпанқұлов.