Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың туу туралы куәлігі салынған.

Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!, — деп жазылған президенттің құттықтауында.

3cf4ec5d7a87f4b78e589c79e3d9bdf7 Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

16 және 17 желтоқсан мереке күндері Батыс Қазақстан облысында 72 сәби дүниеге келген.

Дүниеге келген балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді ХҚО қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАТ органдарына жолдады. АХАТ қызметкерлеріне туу туралы куәліктерін ресімдегені, Қазпошта қызметкерлеріне «Сүйінші»-бокстарды жеткізгені, сонымен қатар барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбектері үшін алғыс айтқым келеді, — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» облыстық филиалының директоры Надир Құрымбаев.

Сүйінші-боксты алғаш болып алғандар Жаңақалалық Кәмшат Ескакова мен Қахарман Зинуллиндер. Жанұясы екі бірдей сәбимен толыққан ата-ананың қуанышында шек жоқ. Егіздердің біріне Тарғын, екіншісіне Торғын есімдері берілген. Зинуллиндер әулеті өмірлеріндегі осындай қуанышты сәтте үкіметтің көңіл бөліп жатқанына ризашылығын білдірді.

e04b55f7b0d5b8ac4bd8f23f50361378 Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

«Қазпошта» АҚ БҚОФ директорының орынбасары Нұрғиса Камашевтың айтуынша, қазіргі уақытта бокстар Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Казталов, Сырым аудандарына жолданған. Кейбір аналар сыйлықтарды облыстық перинаталдық орталықта алатын болады.

  • Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен» бірге және ҚР ұлттық банк, центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да