Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу шеңберінде Қазақстанның Бразилиядағы елшісі және Аргентинада қоса атқарушы Болат Нүсіпов қазақ ақыны, ойшылы және ұлттық әдебиеттің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлы атындағы көшенің, сонымен қатар Аргентинаның Росарио қаласындағы «Қазақстан Республикасы» алаңының ресми ашылу рәсіміне қатысты.

Қазақстанның Росариодағы құрметті консулы Густаво Гутиерес Қазақстан халқының Абай тұлғасына беретін зор маңызын және Абайдың дүниежүзі мәдениеті үшін Шекспир, Гете, Пушкин немесе Мольер сияқты құндылығы бар екенін айтты. Осыған байланысты Густаво Гутиерес Абай көшесінің ашылуы аргентиналықтарға қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрлерімен танысуға қосымша мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан алаңы
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Іс-шаралар 2019 жылғы қарашада қол қойылған меморандуммен белгіленген Алматы мен Росарио арасындағы бауырластық қатынастар шеңберінде өтті.