Нұрсұлтан Назарбаев: ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болсын

Егер біз әдеттегідей бірігіп, жұмылатын болсақ, бәрін жеңеміз. Тарихтан қазақтар біріккен кезде жеңілмейтін жау жоқ екенін білесіздер. Егер біз өз президентімізді қолдап, оның бастамасы жолында жұмыс істейтін болсақ, біріксек, болашақта жетістікке жетеміз, — деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шарада.

Оның айтуынша, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – Қазақстанның жасампаз тарихындағы тағы бір маңызды кезең.

Біз әлі де еліміз дамып келе жатқан ұзақ жолдың басында тұрмыз деп санаймын. Мәңгілікке ұмтылған, асқақ арманға шақырған алыс сапарымыз сәтті болып, ата-баба рухы баршамызды қолдап, құт-береке серік болсын. ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болсын, — деп толықтырды Нұрсұлтан Назарбаев.