Елімізде тарихи тұлғалар бейнеленген монета айналымға шығады

Бұл туралы ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL коллекциялық номиналдары 5 000 және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар.

TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері орналастырылған тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланысын көрсетеді. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді.

Монеталардың басты бетінде номиналы, ұлттық банктің логотипі мен монетаның металын, сынамасын және массасын білдіретін жазу орналасқан. Айналдыра — QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY • REPUBLIC OF KAZAKHSTAN жазуы бар.

Монеталардың екінші бетінде — Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы, Қазақстан Республикасының картасы, портрет қатары, қазақ киіз үйінің декоры түрінде орындалған ою-өрнек таспасы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің ресми логотипі бар.

Монеталар:

— 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы — proof, массасы — 933 грамм (30 унция), диаметрі — 100 мм, номиналы — 5000 теңгелік, дайындау таралымы — 300 дана;

— 925/1000 сынамалы күмістен, сапасы — proof, массасы — 31,1 грамм, диаметрі — 38,61 мм, номиналы — 500 теңгелік, таралымы — 3 000 дана;

— МН 25 мельхиор қоспасынан, сапасы — рrооf-like, массасы — 15 грамм, диаметрі — 33 мм, номиналы — 100 теңгелік, таралымы — 30 000 дана болып дайындалған.

Бұл монеталардың барлығы олардың белгіленген құны бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша, сонымен қатар банк шоттарына есептеу үшін және Қазақстан Республикасының барлық банктерінде аудару, ұсақтау және айырбастау үшін қабылдануға жатады.

Күмістен жасалған монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ұлттық банктің нөмірлік сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.