Басты бетҚоғамЖастар үшін...

Жастар үшін жеткілікті шек деңгейі неге жоғары? БЖЗҚ басшысы жауап берді

Ол минимал жеткілікті шек деңгейін анықтау кезінде елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, соның ішінде бірнеше параметр ескерілетінін түсіндірді.

Шынында да, азаматтарды минимал жеткілікті шек толғандырады. (…) Ең бастысы, оны анықтау кезінде болашақта алатын зейнетақы ескеріледі. Осыны ескере отырып, Үкімет қаулысымен бекітілген әдістемеге сәйкес, тұрғын алатын болашақ зейнетақы 64% ұлғайтылады. Осыған сәйкес жеткілікті шек деңгейінің ең төменгі шегі кем дегенде 64% ұлғайтылды. Бұл ретте жастарға зейнеткерлікке дейін ұзақ уақыт бар. Сондықтан олар алатын төлемдер инфляцияға қосымша индекстеліп, болашақтағы инвестициялық кіріс есепке алынады, — деді Жанат Құрманов.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басшысының айтуынша, жаңа шекті межелер халықтың болашақта лайықты зейнетақы алуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Сонымен бірге кейбір 20 жастағы қазақстандықтарда зейнетақы жинағын алуға мүмкіндік бар, алайда Жанат Құрманов нақты статистиканы келтіре алмады.

Ол жеткілікті шекті анықтау әдістемесі барлық мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірленгенін айтты.

Үкімет жанынан жұмыс тобы құрылды. Үкімет қаулысы 2021 жылдың қаңтарында бекітілген. Оны әзірлеуші — ​​мемлекеттік органдар. Үкімет әзірледі. НҚА әзірлеу кезінде нақты адамдар емес,  зейнетақымен қамсыздандыру саясатын айқындайтын мемлекеттік органдар қатысады. Негізгі әзірлеуші, өздеріңіз білетіндей, Еңбек министрлігі саналады, — деді Жанат Құрманов.

Оның мәліметінше, 582 мың адам 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап күшіне енетін жаңа мөлшерлеме бойынша зейнетақысын пайдалана алады.