Құжатқа сәйкес, мыналар үшін квота енгізіліп отыр:
- себуге арналған ұсақталған немесе ұсақталмаған күнбағыс дәні үшін 125 000 тонна квота белгіленді;
- таза салмағы 10 литр болатын бастапқы қаптамадағы тазартылмаған шикі күнбағыс майы – 110 000 тонна;
- тазартылған немесе тазартылмаған басқа да күнбағыс майлары және олардың фракциялары – 110 000 тонна.
Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне тауарларды шығаруға арналған квота алу үшін өтініш жолдау керек. Мұны әрбір өтініш беруші бір айда бір ғана рет бере алады.
Бұйрық 2021 жылдың 15 желтоқсанынан қолданысқа енеді және 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін жарамды болады.